Спорт • 09 Қаңтар, 2025

Қазақтың джиу-джитсу шеберлері Дүниежүзілік ойындарға жолдама алды

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның джиу-джитсудан 5 спортшысы Дүниежүзілік ойындарға жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақтың джиу-джитсу шеберлері Дүниежүзілік ойындарға жолдама алды

Фото: jj_kaz, инстаграм

Джиу-джитсудан «Дүниежүзілік ойындарға» бір салмақ бойынша 6 спортшы ғана қатыса алады, әлемдік JJIF (WORLD RANKING) рейтингіндегі топ-4 спортшы тікелей жолдама алса, қалған 2 спортшы қосымша қосылады.

Қазақстаннның джиу-джитсу ассоциациясы үздіктер қатарына кірген ұлттық құрама мүшелерін таныстырды:

  • Батырбеков Нұржан / не-ваза - 69 кг, WR-1
  • Дүйсенқұлов Нұрсұлтан / файтинг - 77 кг, WR-2
  • Жәнібек Әбу-Бәкір / файтинг -69кг, WR-3                                                                                             
  • Болатбек Сейілхан / не-ваза - 77 кг, WR-4
  • Қанатбеков Аслан / файтинг - 62 кг, WR-4

Айта кетсек, Дүниежүзілік ойындар – Олимпиада ойындарына қатыспайтын спорттарды қамтитын халықаралық іс-шара. Ол төрт жылда бір рет, 11 күнге созылатын Жазғы Олимпиада ойындарынан кейін бір жылдан кейін өтіп тұрады. Жарысты Халықаралық Олимпиада комитетінің қамқорлығымен Дүниежүзілік ойындардың халықаралық қауымдастығы өткізеді.

Дүбірлі дода биыл тамыз айының 7-17 күндері Қытайдың Ченду қаласында өтеді.