Аймақтар • 10 Қаңтар, 2025

Петропавлда дүкен өртеніп, 68 адам эвакуацияланды

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл қаласы Конституция көшесіндегі азық-түлік дүкені өртеніп, 68 адам, оның ішінде 18 бала эвакуацияланды, деп жазады Egemen.kz.

Петропавлда дүкен өртеніп, 68 адам эвакуацияланды

Фото: ТЖМ

Эвакуцияланғандар жылыту пункттеріне орналастырылған. Оқиға орнында облыстық ТЖД басшылығымен 3 өрт сөндіру учаскесі мен жедел штаб жұмыс істеген. 

Өртті оқшаулауға 70 адамға жуық жеке құрам мен 18 техника жұмылдырылған. 

200 шаршы метр аумақты шарпыған өрттен кейін 5 тұрғынға, оның ішінде 2 балаға шұғыл психологиялық көмек көрсетілген. 

рр

Құтқарушылар өрт орнындағы қою түтін мен қатты заттардың көп болуы оны сөндіру жұмыстарына айтарлықтай кедергі келтіргенін атап өтті.

дд