
Фото: gov.kz
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ағынды суларды жер қойнауына жіберіп, тиісті шектеу орнатпай бұрғылау қалдықтарын жинақтауға қатысты да заң талаптарын өрескел бұзып келген.
Прокуратура соттың 04.12.2024 жылғы қаулысына сай компания Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауапқа тартылып, 31 млрд. теңге көлемінде айыппұл салды.
Компанияның мұнай жылыту пештерінен қоршаған ортаға ластаушы заттардың шамадан тыс шығарылғаны да анықталғын. Өткен жылдың 11желтоқсан күні компания қосымша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1,2 млрд. теңге айыппұл арқалады.