Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнар Ықсанова бастаған бір топ депутат Ауғанстан Ислам Республикасы Парламенті төменгі палатасының (Волеси Джирга) делегациясын қабылдады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Делегация жетекшісі Ауғанстан Парламентінің Әйелдер мен балалар істері жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Шукрия Пайкан Ахмади болды.
Кездесуде негізгі әңгіме Мәжіліс ұйымдастырған Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған халықаралық конференцияға арналды. Жүздесуде Қазақстандағы ұлтаралық келісім тәжірибесіне көпұлтты Ауғанстан тарапы қызығушылық танытты.
Сонымен бірге, Г.Ықсанова Мәжіліс өткізген конференция оған қатысушылар үшін барлық жағынан пайдалы болғанын айтты. Және де Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев пен біздің халық бейбітшілікті және соған ұмтылған барлық елдерді қолдайтынын, соның ішінде Ауғанстан да бар екенін атап өтті. Сол мақсатқа жету үшін екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастық, әсіресе, мәдени-ізгілікті бағытты қамтитынын мәлімдеді.
Шукрия Пайкан Ахмади конференцияға шақырылғаны үшін алғысын айтып, Ауғанстанға жасалып жатқан барлық көмекке, әсіресе, қайырымдылық көмегіне ризашылық білдірді. «Біздің елімізде болған соғыстарда, соның ішінде талибтермен соғыста әйелдер қатты зардап шекті. Ауғанстан өз достарының көмегіне зәру», – деп мәлімдеді Ауғанстан парламентшісі. Сондықтан мұндай жиындар, парламенттік дипломатияны жандандырады, халықтардың ынтымақтастығын арттырып, бейбітшілік пен өсіп-өркендеуге негіз қалайды.
Парламентаралық мәселелерді кең ауқымда қарастырған жүздесуге Мәжіліс депутаттары У.Бишімбаев пен М.Қазбекова және Ауғанстан Ислам Республикасы Парламенті Волеси Джиргасының бюджет бойынша комиссия мүшесі Баз Мохаммад Джаузджани, Ауғанстан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Мохаммад Фарук Бараки қатысты.

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше