Қылмыс • Бүгін, 12:30

Ресей шекарасынан адыраспан өткізуге тыйым салынды

16 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көршілес Ресейде адыраспан тыйым салынған өсімдіктердің тізіміне енгізілді. Аталған өсімдікті шекарадан өткізген адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресей шекарасынан адыраспан өткізуге тыйым салынды

фото: caravan.kz

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасына сәйкес адыраспан өсімдігі құрамында есірткі, психотроптық заттар немесе олардың прекурсорлары бар өсімдіктердің тізіміне енгізілгеніне байланысты, аталған өсімдікті шекарадан өткізбеу керектігін ескертті.

«Адыраспанды  Ресей шекарасы арқылы заңсыз өткізгені үшін 1 миллион рубльге дейін (5 миллион теңге) айыппұл салу және 3 жылдан 7 жылға дейінгі  мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген.  Өсімдіктерді аса ірі көлемде әкелгені үшін 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады», делінген ведомство хабарламасында.