солтүстік бағытта кестеге сәйкес кеңейіп келеді
Каспийдегі Ақтау теңіз портын солтүстік бағытта кеңейту жобасы бойынша жолдың жоғарғы жағын төсеу жөніндегі барлық жұмыстарды құрылысшылар 1 шілдеге қарай аяқтауды жоспарлап отыр, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың баспасөз қызметі.
Үш айлақ – астық, контейнерлік және бас жүктер үшін айлақтар құрылысы қазірдің өзінде іс жүзінде аяқталып қалды. Астық терминалының барлық алты сақтау шұңқыры көтеріліп, құрал-жабдықтарды монтаждау жұмыстары соңғы белесіне жеткен.
Төртінші айлақ – порт флотына арналған айлақ жұмыстарын тәмамдау жақын араға белгіленген.
Қазіргі кезде электрмен қамтамасыз етудің сыртқы жұмыстары жүзеге асырылуда. Сыртқы электр желілері тартылып, ішкі алаңдық трансформаторлы подстанса жеткізілуде және құрастырылуда. Теміржол желісі арқылы мұнай өткізгішті көшіру жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр.
– Негізгі әкімшілік ғимаратына арналған металл құрылғылары құрылыс алаңына 25 маусымға дейін жеткізілетін болады, – дейді құрылысшылар.
Әкімшілік ғимаратының, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет көрсету орталығының, материалдық-техникалық қоймалардың, құрал-жабдықтар қоймасы мен көлікжайдың іргетасы құрылысы жүргізілуде. Сонымен бір мезгілде, портпен байланыстыратын автомобиль жолын төсеу жүріп жатыр.
– Қарқын аса жоғары. Кестеден қалмауға тырысудамыз, – дейді бас мердігердің өкілі.
Ақтау халықаралық сауда теңіз портын солтүстік бағытта кеңейту жобасын жүзеге асыру клиенттер үшін жаңа да заманауи қызмет көрсетуді қамтамасыз етіп, Ақтау портының өткізу қабілетін құрғақ жүктерді 3 миллион тоннаға дейін, ал контейнер жүктерін 1,5 миллион тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Бүгін, 22:45
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Бүгін, 18:13
Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
Қоғам • Бүгін, 17:51
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:07
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25