Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның тоғызыншы Президенті Сүлеймен Демирелдің қайтыс болуына байланысты Түрік Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
Қазақстан Президентінің көңіл айту жеделхатында түрік халқының ғана емес, барша түркі әлемінің мақтанышы болған, дүниежүзілік деңгейде кеңінен танымал саяси және мемлекет қайраткерінің өмірден озғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.
«Мен Сүлеймен Демирелді адал әрі сенімді дос ретінде құрмет тұттым. Біз жиі кездесіп, пікір алмасып отырдық, көптеген игі бастамаларға жол аштық. Қазақстан халқы оны парасатты басшы, кемеңгер көсем, Қазақстан мен Түркия арасындағы бауырластық қарым-қатынастарға зор еңбек сіңірген тарихи қайраткерлер қатарындағы көрнекті тұлға ретінде әрдайым есте сақтайды», – делінген жеделхатта.
Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Р.Ердоғанға және бүкіл Түркия халқына шын ниетпен көңіл айтты.

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше