Елорда • Бүгін, 10:22

Жұмысшы мамандықтарының жылы: Астанада 21 жоба іске асырылады

24 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада екі арнайы экономикалық аймақ (АЭА) жұмыс істеп тұр. Бірі – «Астана – жаңа қала», екіншісі – «Астана-Технополис» экономикалық аймағы. Осы АЭА-тың басқарушы компаниясы – «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы. Бүгінде орталыққа қарасты №1 Индустриялық паркте заманға сай түрлі өнім шығаратын көптеген кәсіпорын бар, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмысшы мамандықтарының жылы: Астанада 21 жоба іске асырылады

Фото: Астана әкімдігі

Қалада отандық және шетелдік инвесторлар қаржы құйған зауыт пен өндіріс орындары жыл сайын ашылып жатыр.

«Бүгінгі таңда АЭА-тағы өнеркәсіптік объектілерінің инвестициялық портфелі 130 жобадан құралған. Оның ішінде бүгінге дейін 5 700-ден астам тұрақты жұмыс орнын қамтитын 70 жоба пайдалануға берілді. Ал алдағы 3 жыл ішінде 3 200 жұмыс орнын құратын 60 жоба іске асырылады. Сондай-ақ осы №1 Индустриялық паркте локомотивтер, электровоздар шығаратын, арнайы киімдер тігетін, оптикалық құрылғылар, құрылыс материалдарын шығаратын үлкен зауыттар жұмыс істеп тұр. Аталған барлық кәсіпорында инженер-механик, слесарь, дәнекерлеуші, электрик, сандық бағдарламалық басқару операторлары, өндіріс менеджерлері сияқты өз саласына жетік мамандар жұмыс істейді», дейді Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының АЭА, өнеркәсіп және экспортты ілгерілету бөлімінің басшысы Айдын Қиылымбеков.

з

Бөлім басшысының сөзінше, былтыр мұнда 770-тен астам жұмыс орнын құруға қауқарлы 13 жоба пайдалануға берілген. Ал осы жылы 1300-ден астам жұмыс орнынан тұратын 21 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, №1 Индустриялық парк республикалық көрсеткіштер бойынша елдегі барлық парк арасында көшбасшы болып отыр. Жұмыс істеу кезеңінде бұл парк 8,6 трлн теңге өндіріс көлеміне жетті. Сондай-ақ аталған парктің табысты тәжірибесі №2 Индустриялық паркті іске қосуды да жеделдететіні анық.

щ