Қазақстан • Бүгін, 12:00

Жұртшы жыл құсы болып таңдалды

31 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы (АСБК) жыл сайын Қазақстандағы құстарды қорғау одағымен бірігіп, жыл құсы атауына лайық құстарды ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz ACBK-ға сілтеме жасап.

Жұртшы жыл құсы болып таңдалды

фото: wildfauna.ru

Орнитологтер биылғы жарысқа тарғылбас (Юрок) пен жұртшы (Стервятник) деген екі құс түрін іріктеп алды. Дауыс берушілердің 60%-ы кішкентай торғай тәрізді құстан гөрі жыртқыш құсты жөн көріп, жыл құсы ретінде жұртшыны таңдады. Ал былтыр, 2024 жылы маубас жапалақ (Сплюшка) жыл құсы болған еді. 

Жұртшы - Қазақстанда мекендейтін бес өлексежегіш құстың бірі. Саны сиреп бара жатқандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Ересек түрін қауырсынының ағына, сап-сары маскасы мен сына тәрізді құйрығына қарап тез тануға болады. Еш құсқа ұқсамайтын келбетінен бөлек бұл құс өлексе жеп, ауру таралуын болдырмай, экожүйенің ілкі күйінде қалуына септігін тигізеді.

ч

(Фото: tabigat.media)

Жұртшы туралы 10 дерек: 

 

1. Қазақстанның Қызыл кітабындағы cтатусы: III санат, сирек түр.

2. Халықаралық Қызыл тізімдегі статусы: EN (endangered) — қауіп төніп тұрған түр.

3. Әлемдегі саны: 12 400–36 000 дарақ.

4. Қазақстанда мекендейтін жұп саны: 348 - 639 (орташа алғанда 502). 

5. Әлемдегі ареалы: Батыс және Шығыс Еуропа, Африка, Оңтүстік және Орталық Азия. 

6. Қазақстандағы ареалы: еліміздің батысындағы шөлді үстірттің шыңы және оңтүстік пен оңтүстік-шығысындағы шөлейтті аласа таулар мен тау етегі.

7. Ұзындығы 60–75 см, қанат құлашы 155–180 см, салмағы 1,8–2,5 кг.

8. Қорегі: өлексе, майда құстар мен бауырмен жорғалаушылар, жұмыртқалар.

9. Мекен ортасы: шөлді және шөлейтті аумақ, өріс пен елді мекенге жақын жерлер.

10. Түр сипаты: басқаларынан ажырататын белгілері — ересек құстардың қауырсыны ақ, қанатының ұшындағы қақпа қауырсыны қара. Сары түсті бетінің терісі жалаң, қауырсын өспейді. Ал жас құстардың қауырсыны, керісінше, қоңыр түсті. Уақыт өте ашық түске өзгеріп, 4-жылға қарай ғана толығымен ағарады.