Аймақтар • 16 Қаңтар, 2025

Жайыққа 1,8 млн балық шабағы жіберілді

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бақсай каналында балық шабақтарының жиналу фактісі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жайыққа 1,8 млн балық шабағы жіберілді

Фотолар: gov.kz

15 қаңтар сағат 19:00-дегі жағдай бойынша 1,8 млн-нан астам шабақ құтқарылып, каналдан 55 шақырымдағы Жайық өзеніне жіберілген. Құтқару жұмыстарына әкімдік өкілдері, әскери қызметшілер, еріктілер, балық шаруашылығы өкілдері, барлығы 60 адам қатысып, 12 бірлік техника жұмылдырылған.

gov.kz

Мұздану салдарынан суда еріген оттегінің төмен болуына байланысты балықтардың жартылай әлсірегені анықталған. Жайыққа жіберілгеннен кейін балықтардың белсенділігі байқалған.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлім етуінше, өлген шабақтарды жинау жұмыстары қатар жүргізіліп, жағдай ерекше бақылауға алынды.

Соңғы жаңалықтар

Атаулы жылдағы ауқымды шаралар

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 09:50

Жаңақорғанда макарон шығады

Өндіріс • Бүгін, 09:35

Дегдар сөз иесі

Жансарай • Бүгін, 09:30