Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Ұлттық жиналысы Өкілдер палатасының Төрағасы Владимир Андрейченкомен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Қ.Тоқаевтың пікірінше, Беларусь парламентшілерінің сапары екі ел арасындағы одақтастық қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді. Сенат Төрағасы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысқаны, форумда Қазақстанға және Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына білдірген ыстық ықыласы үшін беларусьтік әріптесіне ризашылық білдірді. Сенат Төрағасы Елбасы ұсынған бес институттық реформа негізінде Қазақстан іргелі өзгерістер қарсаңында тұрғанын атап өтті.
Қ.Тоқаев Қазақстан мен Беларусь парламентшілері екіжақты деңгейде ғана емес, сондай-ақ, ТМД, ҰҚШҰ және басқа да ұйымдардың парламентаралық ассамблеялары аясында жемісті іс-қимыл жүзеге асып келе жатқанын ықыласпен атады. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық комиссияның қызметі де депутаттар тарапынан тиісті қолдауды талап ететініне тоқталды.
Өз кезегінде, В.Андрейченко Беларусь Қазақстанның жетістіктерін жоғары бағалайтынын және еліміздің халықаралық аренадағы беделі арта түскеніне қуанышты екенін атап өтті. Мәртебелі мейман парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету, сондай-ақ, екі елдің өңірлері арасындағы байланыстарды өрістету туралы ойларын ортаға салды. Осыған байланысты, Беларусь Парламенті Өкілдер палатасының Төрағасы жергілікті өзін өзі басқару мен жергілікті жерлердегі өкiлдi және атқарушы органдар қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған Беларусь реформалары туралы әңгімеледі.

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Бүгін, 22:45
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Бүгін, 18:13
Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
Қоғам • Бүгін, 17:51
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:07
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25