18 Маусым, 2015

Құрмет белгісімен марапатталды

344 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
IMG_5366 Кеше Мәскеуде Ресейдегі Қазақстан елшілігінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Ресей Ғылым академиясы Экономика институтының Құрмет белгісімен марапаттау рәсімі өтті. Награданы Қазақстан Республикасының Президентіне табыстауды өтінген Экономика институтының директоры Руслан Гринберг былай деді: – Мен үшін Еуразиялық одақтың құрылуына негіз салған ізашар ретінде Нұр­сұлтан Әбішұлы Назарбаевқа біздің институттың Құрмет белгісін беру зор мәртебе. Біз әлемдік экономиканың ор­тадан тепкіш күштері ор­таға тартқыш күшінен басым болып отырған беймаза ке­зеңінде өмір сүріп отырмыз. Соның өзінде аймақтандыру үде­рісі қалыптасқанын атап өту қажет. Ресей мен Қы­тай­дың ортасында орналасқан Қазақстанды басқару үшін тек ақыл мен кәсібилік қана емес, сонымен бірге, ержүректілік те қажет екендігін атап өткім ке­леді. Нұрсұлтан Әбішұлы дәл сондай ержүрек адам, кө­ре­ген саясаткер болып табылады және ол Қазақстан Рес­пуб­ликасын басқарып отыр­­ғанына мен шынайы қуа­на­мын», – деді институт ди­ректоры. Құрмет белгісін қабыл алған Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елші­сі Марат Тәжин өз кезегін­де ресейлік академикке Қа­зақ­стан Республикасы Прези­ден­тінің ерекше қызметін мой­ын­дағаны үшін ыстық ықыласын білдірді. – Нұрсұлтан Әбішұлының экономика ғылымының дамуына қосқан үлесіне жо­ға­ры баға бергеніңіз үшін алғы­сымды айтамын. Жалпы алған­да, Қазақстанның эко­но­­ми­калық даму үлгісі Пре­зи­­денттің экономикаға көзқа­­ра­­сының дамуымен айқын­­далады. Ұзақ жылдар бойы біздің еліміз жоғары эконо­ми­ка­лық тиімділікті көрсетіп отыр­ғаны – бұл Нұрсұлтан Әбіш­­ұлы­­ның ерік-жігерінің нә­ти­жесі», – деді Марат Тәжин. Қазақстан елшісі Ре­сей Ғылым академиясы Эко­но­мика институты мен Қазақстан арасында ұзақ уақыттан бері тығыз әрі жемісті байланыс орнағанын еске салды. Және бұл қарым-қатынас одан әрі жалғасын табатынына сенім білдірді. Салтанатты шараға Қа­зақ­стан елшілігінің қызмет­кер­лері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты, деп хабарлады Қа­зақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы ел­шілігінің баспасөз қызметі.