Қоғам • 18 Қаңтар, 2025

«Мархабат» журналы қанат қақты

225 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Әл-Фараби атындағы Шымкент қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің, сондай-ақ, халықаралық «Түркі әлеміне қызмет» сыйлығының иегері, Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы, белгілі жазушы Мархабат Байғұттың 80 жылдығына орай «Мархабат» журналы мен Markhabat.kz әдеби-ақпараттық портал таныстырылымы болып өтті. Жиынға жазушының үзеңгілес серіктері, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, идеология саласына жауапты Шымкент қаласы мен Түркістан облысы әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ Жамбыл облысынан арнайы қонақтар қатысты.

«Мархабат» журналы қанат қақты

«Мархабат Бай­ғұт­тың туғанына 80 жыл» жо­басының жетекшісі, «Медиа­кратия» қоғамдық бірлестігі­нің төрағасы Ғалымжан Елші­байдың айтуынша, бұл қа­ламгердің 80 жылдығы аясын­дағы дүниелердің бастамасы ғана. Қаламынан қаншама көр­кем шығарма туған жазушы атын ұрпақтар жадында сақ­тау үшін бастаманың маңызы ­ерекше. Журнал ұлт әдебиеті мен мәдениетінің да­муына септігін тигізіп, та­қы­рыпта, жаңашыл шы­ғар­малар жариялауға ден қоя­ды. Сонымен бірге әдебиет, руханият тақырыбындағы мә­селелерді қаузап, танылмай жүрген жас таланттарға қолдау білдіреді.

Markhabat.kz ақпараттық порталында жазушының жеке фотоархиві, сұхбаттары, әңгі­ме, повестері, қаламгер туралы жазылған дүниелер жарияланады. Астанадағы Л.Н.Гуми­лев атындағы Еуразия ұлттық университетінде белгілі ға­лым, академик, алаштанушы Дихан Қамзабекұлы жетекшілік жасайтын диссертациялық комиссияда Мархабат Байғұт­тың шығармашылығын зерт­теуге арналған екі кандидат­тық диссертация қорғалды. Бұл да көңілді жадыратар­лық жаңалық. Яғни мархабат­тану жолға қойылды деуге негіз бар. «Алдағы уақытта қазақ әдебиетіндегі іргелі саланың біріне айналатынына сенімі­міз мол» деді жоба жетекшісі Ғ.Елшібай.

пр

«Мархабат» журналының бас редакторы болып белгілі қаламгер, журналист Оралхан Дәуіт тағайындалды. Басылым редакторының айтуынша, «Мархабат» бұған дейін жа­рық көріп келген «Тұран-Түр­кістан» журналының жалғасы. Себебі «Тұран-Түркістан­ның» дүниеге келіп, оқырманға жол тартуына жазушы Марха­бат Байғұт тікелей атсалысқан. Журналдың әр нөмірі 2 мың данамен тарайды.

Кеште Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Баха­дыр Нарымбетов сөз алып, қа­ламгердің қазақ әдебиеті­не ғана емес, түркі әдебиетіне де өзіндік қолтаңбасын қал­дырғанын атап өтті. Кезінде Мархабат Байғұттың қолас­тында қарапайым маман болып жұмысын бастаған ол Махаңның шарапатын көп көргенін жеткізді. Мәслихат төрағасы жазушының өрке­ниетті жастар көбейіп келеді, бірақ көркем ниетті жастар азайып барады деген сөзін мысалға келтіріп, өскелең ұр­пақ­тың ниеті көркем болу үшін қаламгердің әңгімелерін оқуға шақырды.

Түркістан облысы әкімі­нің орынбасары Ертай Алтаев әкімдік тарапынан жазушы­ның 80 жылдығын атап өту­ге байланысты іс-шаралар жос­пары қабылданғанын айтты. Сондай-ақ түркі дүниесіне та­­ны­мал шығармаларын «Мар­­­хабат» журналы арқылы наси­­хаттаудың, дәріптеудің мүм­кін­дігі туғанын мәлімде­ді. Әкім орынбасары сөз соңында об­­лыс әкімдігі аты­нан жазушы­­ның ­жа­ры Қыздар­күл апамыз­ға құрмет көрсе­тіп, иығына қам­зол, басына ора­мал жапты.

Жамбыл облысы Ш.Мұр­таза атындағы руханият және тарихтану орталығының ди­ректоры Жасұлан Әбдіхалық жаңа басылымның жарық кө­руіне орай өңір басшысы ­Ербол Қарашөкеевтің құт­тық­тау хатын жеткізді. Орталық жетекшісі өз сөзінде облыста қолға алынған «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында қаламгер шығармала­ры да бәйгеге қосылатынын баяндады. Шығармашылық­та шекара болмайды деген ол ұлттық деңгейге көтерілген Шерхан Мұртаза мен Марха­бат Байғұттай қос жазушының шығармаларын бірдей насихаттау керек деген ой білдірді.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек оңтүстіктен шыққан талантты қаламгер Мархабат Байғұт ізгіліктің, әділдіктің үлгісін көр­сеткен, туын тіккен дарынды тұлға болғанын атап өтті.

«Қарымды қаламгердің 80 жыл­дығына орай қалалық әкім­дік ауқымды іс-шаралар жос­парын әзірлеп отыр. Со­ның ішінде жазушының өмі­рі мен шығармашылығына ар­налған ғылыми конференция да бар. Президент Қасым-Жо­март Тоқаевтың бастамасы­мен іске асып жатқан «Әділетті Қазақ­стан», «Адал азамат» тұжы­рым­дамаларын түсіндіру үшін көркемсөз шебері Мархабат Байғұттай жазушының шығар­ма­ла­рын оқыту керек. Махаң көзі тірісінде елім деп еңіреп, жұр­тым деп толғанып өткен бір­­туар азамат еді» деді қала әкі­мінің орынбасары С.Құранбек.

Жиында сондай-ақ қалам­гердің жары Қыздаркүл апамыз сөз сөйлеп, Махаңның үйде де, түзде де өзгермей­тін бірқалыпты қарапайым бия­зылығы туралы ой толғады. Жазушының замандасы, ақын Нармахан Бегалы да дарабоз қаламгердің әдебиетке сіңір­ген еңбегі туралы айтты.

Мархабат Байғұт жазу­шылығымен қатар көптеген тың бастамалардың, қоғамда кеңінен қолдау тапқан тамаша идеялардың авторы, бас­тамашысы болды. Мәселен, «Ырыс алды – ынтымақ» жобасы оңтүстік өңірдегі ең айтулы рухани жобалардың бірі ретінде танылды. «Таупістелі тағылымы», «Бозарықтан Боз­торғайға дейін» секілді іс-шаралары да қоғамдық ой-пікірдің дүр сілкінуіне үлкен қозғау салды.

 

ШЫМКЕНТ