Мәдениет • 20 Қаңтар, 2025

Астанада жастар бейнелеу өнерінің бірінші биенналесі ашылды

87 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елорданың FORTE KULANSHI ART SPACE өнер кеңістігінде отандық суретшілердің жаңа буыны таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Qazaqculture сайтына сілтеме жасап.

Астанада жастар бейнелеу өнерінің бірінші биенналесі ашылды

Фото: qazaqculture.com

Айта кетейік, ANAU-MYNAU көрмесі әр елдің түкпір-түкпірінен кескіндеме және графика саласында жұмыс істейтін 35 талантты суретшілердің басын қосты. Олардың шығармашылық ізденістері заманауи отандық өнердің бірегей тұлғасын қалыптастырады.

«Енді бұл жерде екі жыл сайын биеннал өткізіп, жас суретшілерге өздерін көрсетуге мүмкіндік береміз. Біз көрмеге  8 ай дайындалдық. Тұжырымдаманы таңдап, өтінімдерді қабылдадық.  Іріктеу кезінде жанрға да, техникаға да шектеу қойылған жоқ, өйткені әркімнің өз көркем тілі бар. Шығарманың идеясына және орындалу сапасына көбірек назар аудардық. Нәтижесінде  үздіктерді іріктеп алдық және олармен байқауға қатысушы ретінде емес, суретші ретінде жұмыс істеуге ниеттіміз», деді «Kulanshi» заманауи өнер орталығының кураторлық кеңесінің төрайымы Лейла Махат.

Жастар өнерінің бірінші биенналесі суретшілерді қолдаудағы маңызды қадам. Бұл жерде әлем жас шеберлердің көзімен алуан түрлі шығармаларда бейнеленген. Соның бірі жас суретші Арузат Тілеп өз өтінішімен әжесі Үміттің портретін ұсынған.

1

«Өкінішке орай, мен әжемді өмірде көрмедім. Бірақ бәрі менің оған ұқсайтынымды айтады. Әжемнің бейнесінен шабыттанып, осы суретті оған арнауды жөн көрдім. Мен әртүрлі материалдарды қолдандым: гипс және мата. Тағы бір туындым «Назар» да осында қойылған. Екі картина да бұрын еш жерде көрсетілмеген. «Назар» шығармасында табиғатқа деген сүйіспеншілігімді білдірдім. Мен Қостанай облысының тумасымын. Бірде ағаштардағы кесілген бұтақтардың көзге ұқсайтынын байқадым. Ағаштар бізге қарап тұрғандай болды. Осы ой мені шабыттандырды», дейді Арузат Тілеп.

Портрет жанры биенналеде сонымен қатар Ярослава Тищенконың туындылары ұсынылған. Автор өзінің таңдалған жұмыстарымен қазіргі Қазақстанның келбетін көрсеткісі келген. Суретшінің айтуынша, қазір көрмелерде қарапайым адамдардың портреттері сирек кездеседі.

2

«Осы екі портрет арқылы қызмет көрсету саласының адамдарына: көше сыпырушыларға, троллейбус жүргізушілеріне және елене бермейтін мамандық иелерінің бәріне құрмет көрсеткім келеді. Жұмыс формасы адамды тұлғасыздандырады, бірақ оның артында әдетте қиын тағдыр, басынан өткерген жол жатыр», деді  Ярослава Тищенко.

Сонымен қатар көрмеде суретші Евгения Грекина компьютерлік алгоритмдердің тірі адамның ойлауына қалай әсер ететіні туралы өз ойларын білдіретін абстракцияны ұсынған.

3

Ал, Сібір суретшісі Мария Волынских Қазақстанға екі жыл бұрын көшіп келген. Оның картинасы келушілерді сібірлік Гилеад фольклорлық тобымен таныстырған.

4

Суретші Мұрат Исмұхан биеннале келушілерін қыс мезгілінде көктемгі шабытпен жылытуды жөн көрген. Ол байқауға бірден бес жұмысын ұсынған. Нәтижесінде, «Көктем» картинасы іріктеуден өтіп, бірақ ол жеке коллекцияға сатылып кеткені белгілі болды.

5

Жалпы, көрмедегі әрбір картинада белгілі бір мағыналық мазмұн бар. Жас авторлардың шығармаларынан бейнелеу өнері арқылы өзін танытуға деген ұмтылыс сезіледі.