
Экспериментте тәжірибе кезінде Бейжің мен Доха әуежайының суреттері спутниктен жерге лазер арқылы 100 Гбит/сек жылдамдықпен жіберілді. Лазер технологиясы деректерді радиотолқындар арқылы тасымалдайтын «Starlink» жүйесін басып озды. Компания мамандарының айтуынша, бұл технология 6G желілерінің дамуына серпін беріп, ауа райының кез келген жағдайында тұрақты байланыс орната алады. Қазіргі таңда «Chang Guang» компаниясы 117 спутникті басқарып отыр. Ал алдағы 3 жылда олардың санын 300-ге жеткізу көзделуде. Бұл жаңалық ғарыштық байланыстың болашағын мүлде жаңа деңгейге көтермек.
Сурет арқылы мекенжайды анықтайды
Суреттегі нақты орынды анықтап, 3D модельдер құра алатын жаңа нейрожүйе пайда болды.
Қазіргі уақытта бұл технологияның демо-нұсқасы Сан-Франциско аймағында қолжетімді. Толық нұсқасына қол жеткізу үшін арнайы тізімге тіркелу қажет. Бұған дейін Стэнфорд университетінің зерттеушілері фотосуреттердегі нысандардың орнын 40 шақырым дәлдікпен анықтап, мекенжайды 95% жағдайда дұрыс анықтайтын PIGEON жасанды интеллект жүйесін әзірлеген еді. Ал жаңа нейрожүйе өзінің жоғары дәлдігімен әрі 3D модель жасау мүмкіндігімен ерекшеленеді.
ЖИ жұмыс орнын көбейтеді
Жасанды интеллект адамның орнын басып, оларды жұмыссыз қалдырады деген қорқыныш бар. Алайда дүниежүзілік экономикалық форумның есебінше, керісінше ЖИ 2030 жылға қарай 170 миллион жаңа жұмыс орнын ашады екен.
Бүгінде нейрожүйе кейбір жұмыстарды адамнан артық орындайтын деңгейде. Бірақ сарапшылардың пікірінше ЖИ дамыған сайын жүйені меңгерген қызметкерлерге сұраныс арта түспек. Әлемдік компаниялардың 77%-ы қызметкерлерін жасанды интеллект жүйесімен жұмыс істеуге үйретуді көздеп отырса, 40%-ы қызметкерлерін ЖИ жүйесіне алмастыруға дайын екенін атап өткен. «OpenAI» басшысы Сэм Альтманның сөзінше, ЖИ еңбек нарығына үлкен өзгеріс әкеледі әрі қоғамға жаңа мамандықтарды енгізеді.