Қылмыс • 21 Қаңтар, 2025

Жетісуда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

62 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісуда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері шетелдік азаматтар мен Қазақстан Республикасының азаматынан құралған ұйымдасқан қылмыстық топты ұстау бойынша операция жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жетісуда  трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

фото: gov.kz

Ұсталған топ мефедрон психотроптық затын өндіретін есірткі зертханасын басқарған.

– Анықталғандай, жазда шетелдік азамат Францияда жүрген кезінде туысына шетелде жұмысқа тұруға ұсыныс жасаған. Олар Қазақстанға келгеннен кейін жетекшілерінің бақылауымен есірткі зертханасын құрып, оның нұсқауы бойынша әрекет еткен. Қазақстан азаматы оларға қажетті құрал-жабдықтарды жеткізіп, есірткі жасырумен айналысқан, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Ұстау кезінде олардан шамамен 6 кг мефедрон және арнайы құрал-жабдық тәркіленді. Күдіктілер қамауға алынды.

– Қылмыстық схеманың басқа да қатысушыларын анықтап, жауапкершілікке тарту үшін тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Қуандық Әлжанов.