АТЫРАУ. 18 маусым. Атырауда 140 тұрғыны бар отбасылық жатақхананың үш қабаты құлап, тұрғындары баспанасыз қалған еді. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Баспанасыз қалғандардың біразы көп ұзамай жаңа пәтерге қоныс аударды. Дәлірек айтқанда, оларға «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасымен тұрғызылған жаңа тұрғын үйден пәтер берілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында облыста ауқымды жұмыстар атқарылуда, –деді облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов. – Соның бірі – жаңа тұрғын үй. Жаңа баспанадан 100 пәтердің кілті ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тиесілі болып отыр. Мұндай жоба жалғасатын болады. Биыл облыста 1 734 пәтерлі 27 тұрғын үй тапсырылады. Соның ішінде облыс орталығында 1 194 пәтерлі 18 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Шілде айында жас отбасыларға арналған 90 пәтерлік үйдің құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, өткен жылдан бастап аудандарда да көп қабатты үйлердің құрылыстары басталды».
Жаңа баспанадағы бір бөлмелі пәтерлер ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 100 жасқа, сонымен бірге, жақында құлағаннан кейін апатты деп танылған Баймұқанов көшесіндегі №39 үйдің 65 пәтер иесіне, сондай-ақ, мүгедектер мен ауған соғысы ардагерлеріне берілді.
«Жатақханамыз құлағанда далада қаламыз ба деген қаупі төнді. Облыс басшылығы қиын жағдайымызға түсіністікпен қарап, шұғыл түрде мәселені шешуге кірісті. Бүгін тағы бір қолдаудың куәсі болып отырмыз. Шексіз қуаныштымыз», – деп жаңа пәтерге ие болған Ақжамал Махмұтқызы қуанышын жасыра алмады.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: Рахым Қойлыбаев.
• 18 Маусым, 2015
Атырауда құлаған жатақхана тұрғындары жаңа баспанаға ие болды

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше