
Фото: polisia.kz
Барымташылар бір үйір жылқыны жайылымда жүрген кезінде айдап әкеткен. Жылқылар олардың көршілес аудандағы тұрғылықты үйін тінту кезінде табылған.
Ұрланған жылқылар тәркіленіп, иесіне қайтарылған.
Тергеу барысында екі күдіктінің бұған дейін де мал ұрлығы үшін жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Қылмыстық топ құрамында Орал қаласы және БҚО аудандарының тұрғындары болған.
Ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Күдіктілердің үшеуі уақытша ұстау изоляторына қамалған.