Заң • 23 Қаңтар, 2025

Былтыр отбасының шырқын бұзған 85 азамат сотталды

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылдың 15 маусымынан бастап отбасы-тұрмыстық қатынастар бойынша құқықбұзушылық жасағандарға жауапкершілік күшейтілді, деп жазады Egemen.kz.

Былтыр отбасының шырқын бұзған 85 азамат сотталды

Фото: gov.kz

Енді қинау фактісі үшін (ҚК 110-бабы) бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Ал денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (ҚК 108-1 бабы) және ұрып-соғу (ҚК 109-1 бабы) әрекеттерін жасағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 

Бас прокуратура өткен жылы осы санаттағы істер бойынша 85 адам сотталғанын мәлімдеді.

«Мысалы, 7 жыл бойы әйеліне тән жарақатын салып және психологиялық зардап көрсетіп, қинағаны үшін ер адам 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы бір құқықбұзушы тыйым салуды елемей, таныс қызын 5 жылдан астам уақыт бойы қудалаған. Прокурор оның жүйелі түрде жәбірленушінің үйіне келіп, жанжал шығарып, отбасын қорқытып, ұрып-соққаны жөнінде дәлелдер келтірді. Осы әрекеттері үшін ол 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды», делінген прокуратура хабарламасында.