АСТАНА. 18 маусым. Бүгін қасиетті рамазан айы басталды. Биыл мұсылман жамағаты 29 күн ауыз бекітеді. Бұл туралы muftyat.kz сайтына cілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.
Мың айдан қайырлы қадір түні 13 шілдеден 14-іне қараған түнге сәйкес келеді. Ал айт намазы 17 шілдеде оқылады. Астанада сағат 06:30-да оқылса, өзге өңірлерде жергілікті имамдар тағайындаған уақытта өтеледі.
Сондай-ақ, биылғы пітір садақаның жан басына 200 теңгеден бекітілгенін айта кетейік. Пітір садақаны рамазан айының алғашқы күнінен бастап айт намазына дейін беруге болады.
Тағы бір ескерер жайт, биыл біздің еліміз үшін ауыз бекіту уақыты ең ұзақ болып саналады. Яғни, ораза тұтқан жандар 18-19 сағат бойы Алла ризалығы үшін нәр татпайды. Жалпы, ораза тек ішіп-жеуден емес, сондай-ақ, нәпсі қалауларынан да тыйылу екені белгілі.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: muslim.kz.

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше