
Жоғары қысымды өрістің әсерінен Қазақстанда күн райы ашық болады, түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
«Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы түнде 12-23, күндіз 5-13 градус аяз, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 0-10 градусқа дейін, таулы аймақтарда 13-18 градусқа дейін ауа температурасы көтеріледі, күндіз 3-8 градус жылы, таулы аймақтарда 0-5 градус аяз, ал Қазақстанның батысында түнде 7-17 градус аяз, күндіз 6 градус аяз 2 градус жылы болады», делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін аязды күні теріні зақымдап алмас үшін қандай ережелерді сақтау керек екенін жазған едік.