Экономика • 24 Қаңтар, 2025

Былтыр 428,7 млрд теңгені құрайтын актив елге қайтарылды - прокуратура

59 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін бас қадағалау органында кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиында Бас Прокурор Берік Асылов активтерді қайтару ісі жалғасып жатқанын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

Былтыр 428,7 млрд теңгені құрайтын актив елге қайтарылды - прокуратура

Фото: egemen.kz/ Ерлан Омар

2024 жылы  428,7 млрд теңге мөлшерінде ұрланған активтер қайтарылған. Қайтарылған активтің 48 млрд теңге есебінен 15 әлеуметтік және инвестициялық жоба іске қосылған.

«Халықаралық тәжірибені ескере отырып, сот тәртібімен түсініксіз шыққан активтерді мемлекет кірісіне айналдыру практикасы енгізілді. Қазіргі таңда нәтиже бар екенін айта кетен жөн болады (10 миллион долларға талап қанағаттандырылды, сома өтелді). Сонымен қатар, мүлікті ерікті түрде кері қайтару бөлігінде субъектілермен жұмыс жүргізіліп жатыр», деді Бас Прокурор Берік Асылов.