Қоғам • 24 Қаңтар, 2025

Бірлік пен ынтымақтастық саясатына арналған конференция өтті

515 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2025 жылғы 24 қаңтарда Астана қаласында ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы шеңберінде «Қазақстандағы бірлік пен ынтымақтастық саясаты: тәжірибесі мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірлік пен ынтымақтастық саясатына арналған конференция өтті

Ұйымдастырушылар: Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі.

Конференция этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық тәжірибесін талдау және талқылау, заманауи сын-қатерлер мен перспективаларды айқындау, сондай-ақ жаһандық өзгерістер жағдайындағы бірлік пен ынтымақтастықты дамытудың саяси бағыты бойынша ұсыныстарды әзірлеу мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараға ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісінің орынбасары А.Щегорцова, ҚР Ғылым және Жоғары білім вице-министрі Д.Ахмед-Заки, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н.Ниязова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Керімбек, , ҚР Мәдениет және ақпарат министрілігі Этносаралық қатынастарды даму комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин, «Қоғамдық келісім» РММ директоры Э.Масагутова, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының директоры Н.Пұсырманов, Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасыныңбасшысы С.Есіркеп, Ұлттық Құрылтайдың, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері, қазақстандық және шетелдік (Т.Дронзина(Болгария), А.Вежбицки (Польша), Р.Усманов(Ресей), К.Сабиров (Өзбекстан) ғалым–сарапшылар, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері қатысты.

Анастасия Щегорцова өз алғы сөзінде Ассамблеяның 30 жылдығы бірлік пен келісім саясатын дамытудағы маңызды кезең екенін атап өтті. Сондай-ақ ол ғылыми-тәжірибелік ұсыныстарды одан әрі ілгерілету және этносаралық қатынастарды нығайту саласындағы озық тәсілдерді енгізу бойынша күш-жігерді күшейту мемлекеттік деңгейде шешімдер қабылдау үшін практикалық ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік беретінін баса айтты.

Конференцияға қатысушылар этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты ілгерілету және ағартушылық қызметті жандандыру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті. Конференция қорытындысы бойынша қабылданып, онда қатысушылар алдағы жұмыстың бірқатар негізгі бағыттарын белгіледі. Сондай-ақ мемлекеттік этносаясатты ғылыми және қоғамдық қолдауды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдармен және ғылыми-сарапшылық қоғамдастықпен қоғамның өзара іс-қимылын кеңейту курсы белгіленді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейлі жылында этносаралық қатынас құралы ретіндегі мемлекеттік тілдің рөлін арттыру, этномедиация тәжірибесін кеңінен енгізу және басқа елдермен тәжірибе алмасу үшін этносаясат саласы бойынша халықаралық ынтымақтастықты жалғастыру сияқты маңызды тезистер айтылды.

Конференция барысында Ассамблеяның 30 жылдық тарихына арналған көшпелі архивтік құжаттардың, кітаптардың, этностық газеттер мен журналдардың көрмесі ұйымдастырылды.

Конференция Қазақстанның этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы бірегей тәжірибесін талқылауға өз үлесін қосты.