ПЕТРОПАВЛ. 18 маусым. Солтүстік Қазақстан облысына аз ұлттар істері жөніндегі ЕҚЫҰ жоғарғы комиссары Астрид Турс келді. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Делегацияны қарсы алған облыс әкімі Ерік Сұлтановпен әңгіме барысында Турс ханымның өңірге сапарының мақсаты Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған конференцияға қатысуы екені белгілі болды. Ерік Хамзаұлы мәртебелі қонақты облыстың экономикалық-әлеуметтік, саяси-мәдени жаңалықтарымен таныстырды. Президент Н.Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылған саяси құрылымның қазақстандықтарды ортақ арнаға біріктірушілік, жұмылдырушылық рөлін, алға 5 институттық реформаны жүзеге асыру мақсатын қойып отырғанын атап көрсетті. Делегация мүшелерінің назарын өңірде барлық этностардың мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін үйренуге жан-жақты мүмкіндіктер жасалғанына аударды. Мысалы, Достық үйінде поляк, неміс, иврит тілдерінің курстары құрылған. Петропавл қаласындағы № 17 ұлттық жаңғыру мектебінде 9 бөлім бар, Оларда балалар әзербайжан, армян, кәріс, қазақ, неміс, украин, поляк, татар, шешен тілдері мен мәдениетін оқып-үйренеді.
Өз кезегінде жоғарғы комиссар Қазақстанға осымен екінші рет арнайы келіп отырғанын, Ассамблея тәжірибесі қызықтыратынын, ЕҚЫҰ мен Қазақстан арасында ортақ түсіністік орнағанын, өзара қарым-қатынас тиімді дамып келе жатқанын жеткізді.
«Біз Қазақстанның халықтар бірлігіне ерекше көңіл бөліп отырғанын жоғары бағалаймыз. Бұл жұмыстардың қалай атқарылып жатқанын этномәдени бірлестіктер арқылы жақсы білеміз», деді ол.
Ресми шара аяқталғаннан кейін кездесулер ұйымдастырылды.
Өмір Есқали.
Дерек, сурет: Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.
• 18 Маусым, 2015
Солтүстік Қазақстанда ЕҚЫҰ жоғарғы комиссары жұмыс сапармен болды

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше