
Фото: Turizm jane sport ministrligi
Жеңіл атлетика: Елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде World Athletics Indoor Tour Gold сериясы шеңберінде өткізілген Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes турнирінде отандастарымыз 2 қола жүлде еншіледі.
Универсиада-2025: Италияның Турин қаласында өткен қысқы Универсиадада Қазақстан құрамасының студенттері 14 медаль (3 алтын, 4 күміс, 7 қола) олжалап, жалпыкомандалық есепте 12-орынға ие болды.
Фристайл-могул: Юлия Галышева АҚШ-тың Уотервилл қаласында ұйымдастырылған Әлем кубогі кезеңінде Юлия Галышева қола жүлдегер атанды.
Әйелдер күресі: Ресейдің Красноярск қаласында өтіп жатқан Иван Ярыгин мемориалында біздің палуандар 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлде иеленді.
Жағажай волейболы: Шри-Ланканың Негомбо қаласында мәресіне жеткен жағажай волейболынан орталық Азия аумағы чемпионатында Лаура Қабылбекова мен Надежда Иванченко жұбы топ жарса, ерлер арасында Кирилл Гурин мен Абдулмаджид Мұхаммад жұбы қола жүлдеге қол жеткізді.
Каратэ: Парижде аяқталған WKF каратэден Премьер-лига 1 санатындағы жарыста Қазақстан спортшылары 5 медаль жеңіп алды.
Конькимен жүгіру: Канаданың Калгари қаласында өткен конькимен жүгіруден Әлем кубогі кезеңінде командалық спринтте бақ сынаған Кристина Силаева, Дарья Важенина, Надежда Морозова үштігі 1:26.36 секунд уақыт көрсеткішімен қола медаль олжалады.
Теннис: Түркияның Анталия қаласында өткен ITF W15 турнирінде Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында үздік шықты.