Тағайындау • 27 Қаңтар, 2025

Маңғыстау облысы табиғи ресурстар басқармасының басшысы тағайындалды

97 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Сәбит Дүйсекенов облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы табиғи ресурстар басқармасының басшысы тағайындалды

Сәбит Қадырұлы 1987 жылы дүниеге келген. 2005 жылы Орал қаржы-экономикалық колледжін «Салық ісі», 2012 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Қаржы», 2014 жылы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану», 2016 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» (құқық магистрі), мамандықтары бойынша бітірген.

2006 - 2007 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Әскери институтында әскери борышын өтеген.

Еңбек жолын 2012 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром Өндірістік Бірлестігі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының «Кендірлі Қаясан» Мемлекеттік қорығының күзет қызметінің бастығы болып бастаған.

2014- 2023 жылдары Ауыл шаруашылығы және Экология және табиғи ресурстар министрліктерінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі томитетінің «Охотзоопром Өндірістік Бірлестігі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының Батыс өңірлік филиалының директоры, Орал өңірлік филиалының басшысы, Ақтөбе өңірлік филиалының басшысы қызметтерін атқарған.

2024 жылдан осы уақытқа дейін Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімінің орынбасары болды.