18 Маусым, 2015

Солтүстік Қазақстанда үздік түлектер марапатталды

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
18.06.2015 SKO-1ПЕТРОПАВЛ. 18 маусым. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов орталық алаңда өткен «Қазақстан балалары–нұрлы жолмен» салтанатты шарасына қатысып, үздік мектеп бітірушілерді ақшалай сыйлықтармен марапаттады. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. 18.06.2015 SKO-2Биылғы оқу жылында «Алтын белгiні» 37 түлек алса, 23 түлек үздік аттестат иегері атанды. Орташа балл 77,88-ден айналып, Аққайың, Уәлиханов, Тимирязев, Қызылжар аудандары, Петропавл қаласы алдыңғы орыннан көрінді.   Республикалық, халықаралық байқаулар мен олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 72 оқушы ҰБТ-дан босатылды.  8 оқушы атаулы грантқа ие болды. «Біз бүгін «Қазақстан балалары - нұрлы жолмен» атты үздік мектеп бітірушілерін салтанатты марапаттау рәсіміне жиналдық. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол» экономикалық саясатын жүзеге асыруда жас ұрпаққа үлкен үміт артады. Сіздер - еліміздің, өңіріміздің болашағы, оның басты әлеуеті болып табыласыздар», дей келіп, Ерік Хамзаұлы 123 балл жинаған қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Әсел Шараповаға   ақшалай сыйлық пен онубукты сыйға тартты. Өзге озат түлектер де сый-сипаттарға кенелді. Өмір Есқали. Дерек,сурет: Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20