Несие • 27 Қаңтар, 2025

Несие нарығында өзгеріс көп

965 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Қаржыдан қысылған халықтың шағын несие алуға әуестенгені, банктермен салыстырғанда олардың  талабының жеңіл екені  осыған талай рет айтылған еді, деп жазады Egemen.kz

Несие нарығында өзгеріс көп

Бұл мәселе осы күнге дейін көп талқыланған тақырыптардың бірі. Енді қаржы нарығын реттеп отырған ұйымдар бұрын-соңды тәжірибеде болмаған тетікті талқылап жатыр.

Бірінші кредиттік бюро директоры Руслан Омаровтың айтуынша, енді несиеге өтініш бергенде оны растау уақыты ұзаруы мүмкін. Бұл шешім алаяқтықты азайту үшін талқыланып жатыр. Себебі қаржы алаяқтар несие алып, тез арада оған қол жеткізіп, өзіне аудара салатын көрінеді. Руслан Омаровтың айтуынша, екінші себеп лудомандардың қаржыландыруға қолжеткізуін шектеу. «Жалпы адамдар несиені алар кезде асықпай шешім қабылдағандары жөн», дейді Омаров.

Әзірше, бұл талқылану деңгейінде. Қашан қабылданатыны да белгісіз.

«Барлық қаржы ұйымдарына бұл ұнай қоймайтын шығар. Бірақ бұл мәселені реттеуші орындар бақылап отыруы тиіс», дейді Руслан Омаров.

Руслан Омаровтың айтуынша, 2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, жалпы несие портфеліндегі шағын несие ұйымдарының несие үлесі 36%-ға азайып, 89.2 млрд теңгені құрады. Бұған Ұлттық Банктің кейбір ойыншылардың лицензиясын тоқтата тұруы немесе лицензиясын алып қоюы тәрізді қатаң шаралары әсер еткен.

2024 жылдың ІІ жартысында нарықта микронесие ұсынатын ойыншылар саны 23%-ға азайған. Кейбір компаниялар бір жыл ішінде лицензиясынан айырылған, ал кейбірін компания өзі қайтарып берген. «Бұл – Ұлттық Банктің шағын несиелерді шектеу бойынша саясатының нәтижесі. Себебі бұл қазақстандықтар үшін қымбат өнім түрі. Бірақ реттеуші шағын несиелерді азайту бойынша саясат жүргізіп жатыр», дейді Руслан Омаров.

Сондай-ақ, сарапшы биылғы жылдың 1 қаңтарына аталған өнім бойынша портфель 89.2 млрд теңгені құрағанын, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден 36% -ға аз екенін атап өтті.

Келісімшарттар саны 1,2 млн бірлікке дейін (-34%), және қарыз алушылар саны бойынша - 652,4 мың адамға дейін (-20,9%) дейін төмендеді.
Бұдан басқа, қаржы ұйымының басшысы тұтынушыларды кепілсіз несиелендіруге жеке тоқталды.
2025 жылдың 1 қаңтарына аталған өнім бойынша портфель 11,7 трлн теңгеге жетіп, бір жылда 22,9% -ға немесе 2,2 трлн теңгеге ұлғайды. Осы кезеңде қарыз алушылар саны да 4,7% -ға өсіп, 8,2 млн адамға жетті. Оның ішінде 10% жиынтығында портфельдің жартысына жуығы (шамамен 46%), 5,3 трлн теңге тиесілі. «Әңгіме кепілсіз тұтыну кредиттері бойынша жеке қарызы 3,8 млн теңгеден асатын адамдар туралы болып отыр. Бұл ретте шартты түрде неғұрлым ұсақ қарыз алушылардың 50% жиынтығында портфельдің небәрі 9% -ы тиесілі. Бұл қарызы 671 мың теңгеден аспайтын азаматтар», дейді Омаров.

Ипотекалық портфель ағымдағы жылдың басында 6,7 трлн теңгеге (+ 14,1%) жетті. Тұрғын үй несиесін ресімдеген қазақстандықтардың саны 600 мың адамға дейін (+ 10,3%), ал келісімшарттар саны 627,6 мың бірлікке дейін (+ 9,9%) өсті. Бұл ретте қоржынның 60% -ға жуығы 2023-2024 жылдардағы жаңа қарыздарға тиесілі.

Ал автонесиелеу неғұрлым серпінді дамып келе жатқан өнім болып шықты. Деректерге сәйкес, өткен жылы оның портфелі 44,8% -ға, 3,6 трлн теңгеге дейін өсті, бұл ретте 2023 жылы қарқын неғұрлым жоғары болды (+ 64,8%).

Сондай-ақ, ол кәсіпорындарды несиелендірудегі жағдай туралы айтып берді. Осылайша, қарыздар портфелі 3,5 трлн теңгеге дейін (+ 37,2%) өсуін жалғастыруда, келісімшарттар саны 840,4 мың бірлікке (+ 20,4%) жетті. Ал қарыз алушылар саны 578,7 мың бірлікті құрайды (+ 17,2%).

Сондай-ақ, қаржылық ұйым проблемалық қарыздардың жағдайы туралы айтып берді. Сонымен, NPL 90 + -ның неғұрлым жоғары үлесі шағын кәсіпорындар ресімдеген кредиттерге және тұтынушылық кепілсіз қарыздарға тиесілі: тиісінше 35,9% және 14,3%. Бұл ретте ірі бизнестің ең аз мерзімі өткен - 2,1%. БЖК атап өткендей, аталмыш сегмент міндеттерді уақытында орындайды. Сондай-ақ ипотекалық қоржында NPL 90 + -ның аз үлесі - 3,1%. Ең танымал несие түрі – тұтынушылық, авто және ипотека.

«Әрине, бірінші орында – кепілсіз тұтынушы кредиттер. Одан кейін екінші орында – ипотека және автонесиелеу. Егер сандарға қарасаңыз, 2023 жылы автонесиелеу 66%-ға, 2024 жылы 44%-ға өскен. Ипотека мен тұтынушы несиелер де рекорд жасап жатыр», деді Руслан Омаров.

2025 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша, тұтынушы несиелер көлемі 11,7 трлн теңгеге жетті. Бір жыл ішінде бұл сегмент 22,9%-ға немесе 2,2 трлн теңгеге көбейген. Ал келісімшарттар саны 31,5 млн данаға жетті. Орта есеппен азаматтар 371 мың теңгеге несие алады.

Ал ипотекалық портфель (2025 жылдың 1 қаңтары) 6,7 трлн теңгеге жетті. Бір жыл ішінде 14,1%-ға артқан. Ипотека алушылар саны 600 мыңға дейін жетті, келісімшарттар саны 627 мыңға дейін өсті. Орта есеппен қазақстандықтар 10,6 млн теңге ипотека алады. 2010 жылдан бері есептегенде, ең көп ипотека (жалпы ипотеканың 60%-ы) 2023-2024 жылдары берілген. Несие алу орташа мерзімі 13,2 жылды құрайды.

Ал автонесиелеу көлемі 44,8%-ға көбейіп, 3,6 трлн теңгені құрады. Автонесие алғандар саны 559,2 мың адамға жетті. Орта есеппен қазақстандықтар 8 млн теңгеге көлік алады.

Автонесиені ең көп беретін – екінші деңгейлі банктер (70%, 1,2 трлн тг), екінші орында – МҚҰ (29,4%, 534 млрд теңге).
Руслан Омаровтың айтуынша, халық қаржы жағынан сауатты болмаса, мемлекеттік деңгейде қабылданған шешімдердің өзі нәтиже бермейді. Қаржылық сауаттылықты несие алумен байланыстырудың қажеті жоқ.

«Несие дегеніміз жай ғана қаржы құралы. Несие – қаржысын үйлестере алатын адамдардың қолындағы жақсы құрал. Жүктемені есептеп, тәуекелдерді өлшейтін адам несиелер есебінен миллиондық байлық жасай алады» дейді Р. Омаров.