Қоғам • 28 Қаңтар, 2025

Президент Астанадағы көлік кептелісін жедел шешуді тапсырды

511 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы көлік кептелісі мәселесін шұғыл шешуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Президент Астанадағы көлік кептелісін жедел шешуді тапсырды

Үкіметтің кеңейтілген отырысында елорда әкімі Жеңіс Қасымбек баяндама жасады. Президент елордадағы өзекті мәселелерді шешу және қаланы абаттандыру бағытында айтарлықтай жұмыс қажет екенін айтты.

«Жалпы, қала әкімі үйлесімді жұмыс істейді және тәжірибесі бар. Бұл ретте елордада кептеліс мәселесі өзекті. Бұл бағытта шұғыл шаралар мен шешімдер қабылдануы керек. Тағы бір маңызды мәселе - қайта өңдеу өнеркәсібін құру. Бұл барлық ірі қалалар мен облыстарға қатысты», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бүгін Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Жиында еліміздің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, таяу болашақтағы негізгі міндеттер айқындалады. Премьер-министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, сондай-ақ бірқатар облыс әкімдері баяндама жасайды.