Үкімет • 28 Қаңтар, 2025

Цифрландырудың қаупін де ескеру қажет - Генадий Шиповских

49 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаты Геннадий Шиповских Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан мәселелері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Цифрландырудың қаупін де ескеру қажет - Генадий Шиповских

Депутат Президент атап өткен цифрландыру үдерісінің пайдасын көрумен бірге қаупінен сақтануға шақырған.

«Цифрландыру – елдің дамуына үлкен үлес қосып жатқан сала. Алайда, оның дамуымен бірге жаңа қауіптер де пайда болып жатыр. Соның бірі – алаяқтықтың көбеюі. Азаматтарымыз интернеттегі түрлі алаяқтардың құрбаны болып, жалған ақпараттарға алданып қалып жатыр. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер арқылы қоғамға теріс әсер ететін ақпараттық «қоқыстар» мен жалған контенттердің таралуы – үлкен мәселе», дейді Г. Шиповских.

Айтуынша, бұл мәселелер елдің қауіпсіздігі мен тұтастығына кері әсер етеді. Сондықтан Г. Шиповских бұл дүниелерге тиісті органдар назар аударып, нақты шаралар қабылдауы қажет екендігін жеткізген.

«Цифрландыру – елдің дамуы мен өркендеуі үшін үлкен мүмкіндік. Ол мемлекетімізді алға жетелеудің басты құралдарының бірі болып, экономикамыздың қарқынды дамуына үлес қосуы тиіс. Алайда цифрландыру саласы жақсылықтың негізі болумен қатар, оны теріс бағытта пайдалану қаупі де бар. Кімде-кім осы мүмкіндіктерді теріс құрал ретінде қолданса, ол заң алдында жауап беруі керек», дейді депутат.