ОРАЛ. 18 маусым. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы «Мұса» шаруа қожалығының жетекшісі Тілеген Мусин құм ішінде әйгілі герефорд тұқымды ірі қараны өсірумен айналысады. Оның қызметінің басты феномені АҚШ-тан жеткізілген бітімі, оты мен суы бөлек текті малды Нарын құмына жерсіндіре білуінде. Соның нәтижесінде герефорд құмның жайылымын жатсынбай қоң жинай түсуде. Шерді мал өсірудегі басты қиындық – су. Құм ішінде өзен, көл бол бермейді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Сондықтан Тілеген құдық қаздырып, су шығару үшін энергия өндіретін күн мен жел тақтайшаларын орнатты. Оның әрқайсысы тәулігіне ең төменгі есеппен 1,5 кВт қуат өндіреді. Жинақталып келгенде – 9 кВт. Бір отбасының орташа есеппен 3-5 кВт тұтынатынын ескерсек, бұл жеткілікті мөлшер. Қажеттілікке қарай 10-12 кВт қуат өндіруге болады. Тақтайшалардың пайдалану мерзімі 25 жыл. «Жөндеп, майлап әуре болмайсың. Тек анда-санда шаңын сүртсең болғаны» дейді Тілеген.
Сондай-ақ, шаруа қожалығының жетекшісі «Маглев» жүйесіндегі жел генераторы сағатына 100 Вт қуат беретінін айтты. Бұл түнгі мезгілде аккумуляторды қоректендіру үшін орнатылған. Тілегеннің өнертапқыштық ой-пікірінен түйгеніміз, біз Күн қуатына бай екенбіз. Түннің қысқалығы сонша, таңғы рауан себездеп түскенше аккумулятордағы жинақталған тоқ сарқылып үлгермейді. Күн тақтайшалары бұлтты күні де қуат өндіреді. Тек бұл ғажайып қондырғы күн күркіреп, найзағай жарқылдаған жағдайда ғана қуат бермейтін көрінеді. Оны өндіргенімен, жұмыс жасап тұрған кезде жай түсіп кету мүмкіндігі аса жоғары екен.
Темір Құсайын.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: zhaikpress.kz.
• 18 Маусым, 2015
Батыс Қазақстанда бұлтты күні де қуат өндіретін күн батареялары орнатылды

Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:24
Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше