![Қазақстанда бензин мен дизель отынын экспорттауға тыйым салынды](/media/2025/01/29/b192dcb6cf69c749e1fcbf2a548a2cd0.jpg)
«Қазақстанда бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен елден тыс жерлерге, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттеріне әкетуге алты айлық тыйым салынады. 29 қыркүйектен бастап Үкімет шешімі бойынша гуманитарлық көмек шеңберінде әкетілетін бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салынады», делінген мәтінде.
Бұған майлау майлары, сондай-ақ көлікткердің газ цистерналарында тасымалданатын майлау майлары мен жанармай жатады. Сондай-ақ уәкілетті органдармен келісу кезінде ғылыми зерттеулер, біліктілік және зертханалық сынақтар мақсатында авиациялық отынды әкетуге рұқсат етіледі.
«Бұл тыйым мұнай өнімдерінің ішкі нарығын тұрақтандыруға және елдегі ықтимал жанармай тапшылығының алдын алуға бағытталған», деді Энергетика министрлігі.
Бұйрық 2025 жылдың 29 қаңтарында күшіне енді.