Оқиға • 29 Қаңтар, 2025

Ташкент-Нью-Йорк рейсінде өмірге сәби келді

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ташкенттен Нью-Йоркке бағыт алған ұшақ бортында ерекше жағдай орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ташкент-Нью-Йорк рейсінде өмірге сәби келді

фото: pixabay.com

Өзбекстан әуе жолдарының хабарлауынша, 28 қаңтарда Ташкенттен Нью-Йоркке ұшқан HY101 рейсінің бортында ерекше оқиға орын алды:  ұшақтағы жолаушының толғағы ұстаған. 

Экипаж оқиғаға бірден ден қойып, басқа жолаушылардың арасынан медицина саласының мамандарын іздепті. Қуанышқа орай, бортта акушер мен хирург болған еді. Олар бірден әйелге көмек көрсете бастайды.

Біраз уақыттан кейін, ұшақ 10 мың метрден астам биіктікке көтерілгенде ұл бала дүниеге келді.

«Осыған байланысты экипаж Кефлавик қаласындағы (Исландия) аэродромға шұғыл қонуды ұйғарды. Анасы мен жаңа туған нәресте жергілікті ауруханаға жеткізілді», деп атап өтті Өзбекстан әуе жолдары қызметі баспасөз қызметі.

«Өзбекстан әуе жолдары» компаниясы ұлды болған отбасыны құттықтап, экипаж мүшелері мен медицина қызметкерлеріне кәсібилігі мен үйлесімді жұмысы үшін алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Сарқырама тоқтаған күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Әлемге һәм елге әйгілі

Өнер • Бүгін, 08:20

Нобель, Букер және біз

Руханият • Бүгін, 08:15

Бір сағаттағы үш мереке

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Манасты қазақша жырлаған

Руханият • Бүгін, 08:05

Жарқыра, жұлдыз!

Өнер • Бүгін, 08:02

Әнге айналған тағдыр

Театр • Бүгін, 07:57

Сиқырлы пошта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Мың баланың қуанышы

Қоғам • Бүгін, 07:45

Жаңа жыл алдындағы ғажайып

Қоғам • Бүгін, 07:40

Бүлдіршіндер шаттанған шақ

Балалар • Бүгін, 07:35

Алма мен Аяз ата

Қоғам • Бүгін, 07:30