Пікір • 29 Қаңтар, 2025

Табиғи ресурсты үнемдеуге де сана сезім керек - Әсем Қайдарова

6242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында қорытынды сөз сөйлегені мәлім. Осы орайда Астанадағы мемлекеттік тарих институтының қызметкері, саяси ғылымдарының докторы Әсем Қайдаровадан пікірін сұраған едік.

Табиғи ресурсты үнемдеуге де сана сезім керек - Әсем Қайдарова

Еске салайық, Президент сөйлеген сөзінде суды үнемдеудің озық технологияларын қолданатын Қытайды мысалға келтіріп, Үкіметке Қазақстанда да сондай технологияларды енгізу мәселесін пысықтау керектігін, электр энергиясын, жылуды, суды үнемдеуді әрі оларды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету қажеттігін және тұтыну мәдениеті туралы қамти айтты.

Әсем Қайдарованың айтуынша ресурстардың тапшылығы артып бара жатқан қазіргі заманда әлем күннен-күнге табиғатты қорғау қажеттілігін қатты сезініп жатыр, демек, экология мәселерінің маңыздылығы қашанда күн тәртібінде болмақ, әрине, оның ішінде Қазақстан да бар.

«Осы орайда, айтпағым, әсіресе, жас буынды қоршаған ортаны аялай білуге әрі тұтынушылық мәдениет тұрғысында экологиялық үнемділікке тәрбиелеу өте маңызды», деді Ә.Қайдарова.

Оның пікірінше су ресурстарының жалпы жаһан бойынша тапшылығын ескере отырып, тұтынудың әртүрлі әлеуметтік нормаларын қолдану маңызды.

«Әрбір азамат өзіне қажетті мөлшерден артық су жұмсамау керектігін түсінуі керек. Табиғи ресурстарды үнемді қолдана білу ұқыптылықты ғана емес, соны ұғатын сана-сезімді де талап етеді», деп түйіндеді Әсем Қайдарова.