АҚТАУ. 18 маусым. Маңғыстау облысында мүгедек қызды зорлаған педофилге үкім шықты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Кәмелет жасына толмаған жасөспірім қыз тұратын үйге сотталушы шаңсорғыш жарнамалаймын деп кіргенін, сондай-ақ, оның мүмкіндігі шектеулі қыздың үйде жалғыз екенін біліп және мүгедектігін пайдаланып оны бас салып шешіндіріп, жәбірлегендігін газет сайтында бұрын хабарлаған едік.
Осы жылдың ақпан айында Қарақия ауданының Мұнайшы ауылында болған оқиғаға күдікті ретінде 22 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталған болатын. Үш айдан астам уақыт жүргізілген тергеу нәтижесінде, күдіктінің кінәсі дәлелденді. Маңғыстау облысы бойынша ауданаралық мамандандырылған сотының үкімі бойынша, енді жасаған қылмысы үшін азамат 10 жыл өмірін темір тордың арғы бетінде, қатаң режимдегі түрмеде өткізетін болады.
Сот кезінде бұлтартпас деректердің болуына қарамастан, сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындамаған. Алайда, соттың үкіміне жәбірленуші және зардап шегуші жақ та шағымданбаған. Сондай-ақ, прокурор да қарсылық білдірмеген.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: nur.kz.
• 18 Маусым, 2015
Маңғыстауда мүгедек қызды зорлаған педофилге үкім шықты

Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:24
Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше