
Фотолар: Қарағанды облысының әкімдігі
Оқу орындарының әкiмшiлiгi мен қамқоршылық кеңесi 10 оқушының әжесін iрiктейдi. Әжелер балаларға шеберлік сыныптарын, дөңгелек үстелдер, дәрістер, т.б. өткізеді. Іс-шаралар жоспары бекітілгендіктен әр кездесуде нақты тақырып талқыланады. Аталған кездесулер Саран мектептерінде тұрақты түрде өткізіледі.
Саран әкімдігінің баспасөз хатшысы Думан Әлімжановтың түсіндіруінше әжелердің балалармен кездесулерінде мықты отбасын құру, мамандықты қалай таңдау, балаларды қалай тәрбиелеу, т.б. тақырыптар арқау болады екен. Мысалы, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері балаларға киізден кәдесыйлар жасауды үйреткен.
Аталған жоба бойынша интерактивті танымдық ойындар да өткізіледі. Кездесулердің бірінде мектеп оқушыларының әжелері түрлі тілдерде ән салып, түрлі ұлттардың дәстүрлі киімдері туралы әңгімелеген.