Аймақтар • 31 Қаңтар, 2025

«Сарыарқа» кемесіне – 10 жыл

1675 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Каспий теңізіндегі еліміздің шекарасын күзетіп, теңіздің қазақстандық секторының тыныштығы мен байлығын қорып жүрген әскери су көліктерінің бірі – «Сарыарқа» кемесі. Еліміздің Әскери-теңіз күштеріне 2015 жылы пайдалануға берілген кеменің он жылдығын экипаж мүшелері салтанатты жағдайда атап өтті.

«Сарыарқа» кемесіне – 10 жыл

Әскерилердің айтуынша, Орал қала­сындағы «Зенит» зауытында жасалған «Сарыарқа» зымыран-артиллериялық ке­месінің заманауи қару-жа­рақ және навигация жүйе­сімен жарақтандырылуы Әс­кери-теңіз күштері флаг­мандарының біріне Каспий теңізінің қазақстандық сек­торының акваториясын қор­ғау жөніндегі міндеттерді ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді.

– «Сарыарқа» кемесінің технологиялық мүмкіндіктері және жеке құрамды даяр­лау­дың жоғары деңгейі абыройлы қызметтің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Кеме экипажы ел аумағында да, одан тыс жерлерде де өткізілген оқу-жаттығуларға қатысып, ха­лықаралық Армия ойын­дарының бірнеше дүркін жүлдегері болды, дейді «Са­ры­арқа» зымыран-артил­ле­риялық кемесінің командирі 3-дәрежелі капитан Дамир Матаев.

Кеме бортында Әскери-теңіз күштерінің дамуына елеулі үлес қосқан жүздеген әскери қызметші даяр­лықтан өтті. Сондай-ақ «Са­ры­арқа» зымыран-артил­лериялық

кемесін жасау елдің қорғаныс қабілетін нығайту жөніндегі ауқымды бағдарламаның бір бөлігіне айналған. Кәсіп­қойлықтың жоғары деңгейі және әскери теңізшілердің жанқиярлық қызметі әскери командаға дивизион құрамындағы ең жақсы әртекті кемелердің бірі мәртебесін берді.

Қауіпсіз қорғанысқа қуат­ты құрал-жабдық керек десек, әскери теңізшілердің оң бағасына ие болған «Сарыарқа» зымыран-артиллериялық ке­месі теңіз бетінде өзінің екінші онжылдығының ізін салып бас­тады.

 

Маңғыстау облысы