Қоғам • 01 Ақпан, 2025

1 ақпаннан бастап Қазақстанда автомобиль газының бағасы өсті

74 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің бұйрығымен қосылған құн салығын қоса есептегендегі автомобиль газының еліміздің барлық өңіріндегі бағасы бекітілді, деп жазады Egemen.kz.

1 ақпаннан бастап Қазақстанда автомобиль газының бағасы өсті

• Астана – литрі 102 теңге (бұрын 82 теңге болған);

• Алматы – 102 теңге (бұрын 89 теңге болған);

• Шымкент – 90 теңге (бұрын 70 теңге болған);

• Ақтөбе және Атырау облыстары – 77 теңге (бұрын 59 теңге болған), шалғай аудандарда – 82 теңге;

• Ақмола облысы – 102 теңге (бұрын 84 теңге болған), шалғай аудандарда – 107 теңге;

• Алматы облысы – 102 теңге (бұрын 89 теңге болған), шалғай аудандарда – 107 теңге;

• Жамбыл облысы – 90 теңге (бұрын 78 теңге болған), шалғай аудандарда – 95 теңге;

• Батыс Қазақстан облысы – 77 теңге (бұрын 70 теңге болған), шалғай аудандарда – 82 теңге;

• Қызылорда облысы – 90 теңге (бұрын 70 теңге болған), шалғай аудандарда – 95 теңге;

• Маңғыстау облысы – 65 теңге (бұрын 59 теңге болған), шалғай аудандарда – 70 теңге;

• Павлодар облысы – 102 теңге (бұрын 81 теңге болған), шалғай аудандарда – 107 теңге;

• Солтүстік Қазақстан облысы – 102 теңге (бұрын 89 теңге болған), шалғай аудандарда – 107 теңге;

• Түркістан облысы – 90 теңге (бұрын 70 теңге болған), шалғай аудандарда – 95 теңге;

• ШҚО, Қостанай, Қарағанды, Жетісу, Ұлытау және Абай облыстарында – 102 теңге (бұрын 84 теңге болған), шалғай аудандарда – 107 теңге.