Есірткі • 02 Ақпан, 2025

Оралда есірткі саудасы бейнежазбаға түсіп қалды

54 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда 20 жастағы жігіт ұсталды, оның қалтасынан есірткі заты табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралда есірткі саудасы бейнежазбаға түсіп қалды

- Қоғамдық қауіпсіздікті бақылау барысында ЖБО инспекторы көпқабатты үйдің ауласында күдік тудырған адамдарды байқады. Оқиға орнына жедел түрде патрульдік полиция қызметкерлері жіберілді. Тексеру барысында полиция қызметкерлері 20 жастағы азаматты ұстады, оның қалтасынан ерекше иісі бар жасыл-қоңыр түсті өсімдік тектес зат табылды, - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заңнамаға сәйкес, осындай қылмыстар үшін 80 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.