Заң • 03 Ақпан, 2025

Сот мемлекеттік мекеменің әрекетін заңсыз деп таныды

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысының тұрғындары некесі бұзылғаннан кейін мүлікті бөлу туралы талаппен сотқа жүгінген, деп жазады Egemen.kz.

Сот мемлекеттік мекеменің әрекетін заңсыз деп таныды

Фото: Астана қалалық соты

Алматы облысы (қазіргі Жетісу облысы) Қаратал аудандық соты тұрғын үйді бұрынғы күйеуінің атына жер телімімен қалдырып, бұрынғы әйеліне үйдің жарты құны – 940 мың теңгеден астам соманы төлеуге міндеттеген. 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы үйдің даулы жартысын талап қоюшының атына тіркеуден бас тартқан, содан кейін ол бұл шешімге келіспей, сотқа шағымданған. 

«Сот істі қарай келе, үй мен жер телімі бұрын ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі ретінде тіркелгендіктен, мүлікті тіркеуден бас тартқан мемлекеттік органның әрекетін заңсыз деп тапқан.  Талап қоюшы ұсынған, оның бұрынғы әйеліне тиесілі мүліктің екінші жартысына құқығын растайтын құжаттар мүлікті бөлу туралы сот шешімінің орындалғанын куәландырады», делінген Жоғарғы сот хабарламасында. 

Сот «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалына сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде үйдің жартысын мемлекеттік тіркеуден өткізуді міндеттеді. Енді мемлекеттiк орган осы мiндеттеменiң орындалғаны туралы сотқа хабарлауы тиіс.

Сот шешімі көрсетілген мерзімде орындалмаса жауапкерге 1 айға дейінгі уақыт белгілеп, 50 АЕК мөлшерінде ақшалай айыппұл салуға құқылы.

Қаулы заңды күшіне енді.