Денсаулық • 04 Ақпан, 2025

АИТВ – емделмейтін инфекция емес

384 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Адамзатты алаңдатып отыр­­ған түйткілдің бірі – адамның им­мун тапшы­лы­ғы­ның вирусы (АИТВ) инфек­ция­сы. Елімізде бұл дерт­­­­ке шал­­дыққан науқастар аз емес. Атырау облысында атал­­­­ған ин­­фек­­­цияны жұқ­ты­­ру­дың алғашқы дерегі 1993 жылы тір­кел­ген.

АИТВ – емделмейтін инфекция емес

Коллаждарды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Өңірлік АИТВ инфек­ция­сы­ның алдын алу орталығының дирек­то­ры Айгүл Құдаманованың мә­лі­­ме­тінше, содан бері 617 адам­­нан АИТВ инфекциясы анық­та­лып­ты. Қазір орталықтың дис­пан­­серлік есебінде 430 адам тұр. Өткен жылы бұл дертті жұқ­тыр­­ған 75 адам тіркеуге алынған. Оның ішінде 15–19 жасқа дейінгі 1 адам (1,3% ), 20–29 жастағы 12 адам (16,0%), 30–39 жастағы 39 (52,0%) бар. Сон­дай-ақ 17 адам­ның (22,7%) жасы 40–49-дың аралығын құрап отыр. Бұл дертті 50–59 жастағы буын­­­­нан 6 адам (8,0%) жұқтырып ал­ған. АИТВ жұқтырған 6 жүкті әйел бол­ған. Оның төртеуі босанып, екі әйел жүктілікті үзіпті. ­Пе­­ри­­­на­­талдық байланыстағы 11 ба­ла дәрі­­герлердің бақыла­уына алын­ған.

«Бұл инфекция әлемнің бар­лық дерлік елінде тіркелген. Сол себептен, аталған дерт барша адам­затты толғандырып отыр. Осы­­ған байланысты инфек­ция­­­­мен күрестің бүкіләлемдік күні бел­­­г­­і­ленген. Бірақ бұл – жетіс­тік­терді ғана атап өтетін емес, қоғамды осы дертпен күресті жетілдіруге ша­­қы­ратын күн. Орталықтың дәрі­­гер­лері атау­лы күні ғана емес, жыл бойы АИТВ инфекциясының зар­да­бын, оны жұқтырудың жолдары, жалпы сақтық шаралары туралы ұдайы айтып келеді», дейді А.Құдаманова.

Өткен жылы Атырау қала­сын­­дағы бірнеше оқу орнында кез­десулер, адам көп баратын ойын-сауық кешендерінде акциялар өткізілді. Сауда-ойын-сауық кешеніндегі кең көлемді акцияға үкіметтік емес ұйым өкілдері, жастар, студенттер, өзге де тұрғындар қатысты. Мұндай іс-шараның мақсаты – тұрғындарға АИТВ инфекциясының алдын алу, әр адамның құқы мен қадір-қа­сиетін құрметтеудің маңыз­ды­лығын жеткізу, саламат­ты өмір сал­тын ұстануды насихат­тау. Аты­рау­лықтарға, оның ішінде сту­денттер мен ерікті тұр­ғын­дар­ға АИТВ инфекциясына тек­се­рі­луге те­гін экспресс-тестіден өту мүм­кін­дігі берілді.

«Осы кезге дейін аталған инфекцияны жұқтырудың негізгі үш жолы анықталып отыр. Біріншіден, АИТВ жыныстық жолмен таралады. Екіншіден, қан арқылы жұғады. Үшіншісі – инфекциямен ауырған ана­дан балаға берілуі. Сондықтан әлі оң-солын танып үлгермеген жас­тарды алғашқы екі жолдан қор­ғау мақсатында түсінік жұ­мыс­тарын жиі жүргіземіз. Инфек­цияны жұқтырмаудың бас­ты жолы әр адам жеке гигиена­лық құралдарды қолдану кезінде мұқият болған абзал. Мәселен, тіс щеткасын, қырынуға арнал­ған құрылғыларды өзге адамдар­ға пайдалануға бермеген жөн. Әсіресе сұлулық салондарына барғанда, мәселен, әйелдер маникюр, педикюр, тату жасай­тын құ­рал­дардың тазалығына көз жет­­­кізуі қажет. Мемлекеттің бас­ты бай­лығы – адам. Демек дені сау адам­ның ғана ел қазынасы, ұлт бола­­шағы, қазақтың генофон­ды­ екенін есте ұстау керек», деп мәлім­­­деді А.Құдаманова.

Орталық директорының пікі­рін­ше, қазір Атырау облысында АИТВ-мен өмір сүретіндерді қолдауға барлық жағдай жасалып отыр. Бұл құрылым 1990 жылы облыстық қан орталығының зертханалық бөлімшесі ретінде ғана жұмысын бастаған. 2014 жылы салынған жаңа ғимаратта келушілердің қызметтің бірнеше түрін алуына толық мүмкіндік бар. Қазір орталықта психология­лық-әлеуметтік кеңес беру, дос­тық кабинеттері, қан алу бөлмесі, сенім бекеті, дигностикалық зерт­хана, профилактикалық, эпи­де­мио­логиялық, емдеу-алдын алу бөлімдері жұмыс істейді.

Кейінгі жылдары психоло­гия­­лық-әлеуметтік кеңес каби­не­­тінде электронды кезек жүйе­сі ен­гі­зілген. АИТВ инфекция­сын жұқ­­тырғандар АРВ пре­па­ра­тымен толық қамтылған. Орта­лық­­та туберкулездің, оп­пор­­ту­нис­­ти­ка­лық аурулардың ал­дын алу емдері жүргізіледі. Ин­фек­­­ционист, фтизиатр, педиатр, гине­­колог, дерматовенеролог, нар­­­­колог, психолог, провизор ма­ман­­­дары медициналық қызмет көр­­сетеді.

Инфекцияны анықтау, емдеу жұмысын жүргізетін орталық дәрігерлерінің пікірінше, АИТВ-ның таралу қаупін тоқтатудың түрлі жолы бар. Соның бірі – бай­ланысқа дейінгі алдын алу. Қазір­де орта­лықта тұрғындарды АИТВ-ға тексеру, емдеу, диспансерлік-дина­микалық бақылау, инфекция жұқтырғандар мен тәуекел сана­тын­дағы топтарға қажетті зерт­хана­лық талдаулар толы­ғы­мен тегін жүргізіледі. Мәселен, өткен жылы орталықтың зама­науи зерт­­ха­на­сында 116 513 адам­ның қа­ны­на тегін сараптама жасалыпты.

«Әлем дәрігерлерінің алдында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйы­мының 95-95-95 стратегиясы бо­йынша АИТВ індетінің тара­луын­ 2030 жылға дейін тоқтату мақ­саты тұр. Бұл – біріншіден, вирус жұқ­тырғандардың 95 пайы­зын табу. Екіншіден, жұқ­ты­ру­шы­лар­­дың 95 пайызына ем жүр­гізу, үшін­­шіден, науқастардың 95 па­йы­­­­зында вирус мөлшерін азайту қа­­жет. Атырау облысында бұл көр­­­­сеткіштер сәйкесінше 71%, 96%, 91% . Өңір бұл көр­­­­­сет­­кіштерді орындау жөнінен рес­­­пуб­ликалық деңгейде алдыңғы қа­­тар­да», деді орталық дирек­торы.

ХХ ғасырда АИТВ инфекция­сы емделмеген жағ­дайда ЖИТС сатысына ұласып, дүние жүзінде көптеген жанға қа­сірет әкелгені белгілі. Кейінгі жылдары заманауи медициналық құрылғылар дертті уақытында анықтауға жол ашып отыр. Үздіксіз ем алу науқастың өміріне төнген қауіпті сейілтеді. Сол себептен, білікті дәрігерлер белгілеген емді ұдайы қабылдау қажет. Бұл – науқастардың сапалы әрі ұзақ өмір сүруінің кепілі.

«Ең бастысы – АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адам­дар­ға толерантты көзқарас қа­лып­тас­тыру. Инфекцияны жұқ­тыр­мау үшін саламатты өмір салтын ұстануды кеңінен наси­хат­таудың маңызы зор. Жалпы, АИТВ инфекциясының таралуы адамдардың мінез-құлқына тіке­лей байланысты өрбиді. Әр адам жеке қор­ға­ныс құралда­рын пайдалануы керек. «Есірт­кіге жол жоқ» деген көзқарасты ұстануы қажет. Бола­шақта АИТВ инфекция­сын жұқтырған адамдармен кез­де­суіміз мүмкін. Олар – туған бауыр­ларың, дос-жарандарың болуы ғажап емес. Бетін әрі қылсын, сон­дай кезде оларды шеттетпей, қол­дауға тиіспіз. Ал стигма мен кем­сі­тушілік – АИТВ-мен өмір сүре­тін адамдардың өміріне қауіп төндіру, адам құқығына қол сұғу», деді А.Құдаманова.

АИТВ – алдын алуды, алғашқы саты­сында-ақ қарқынды емделу жұ­­мыстарын жүргізуді қажет ете­тін инфекция. Онымен ауыратын адамдардың күнделікті ем алу­­дың нәтижесінде толыққанды өмір сүріп, дүниеге дені сау ұрпақ әке­луіне мүмкіндігі бар. Сон­дық­тан орталық маман­дары­ның мақ­са­ты – АИТВ таралуының алдын алу, науқастарды уақтылы анық­­­тап, әрі қарай қоғамнан шет­те­­тіл­­­мей өмір сүруіне жағдай жасау.

 

Атырау облысы 

Соңғы жаңалықтар

Жылдам хабар алғызған

Руханият • Кеше

Азаматтық ерлік

Ғылым • Кеше

Ұлық ұлыстың алтыны

Жәдігер • Кеше