Логистика • 04 Ақпан, 2025

Логистика: әртараптандыру мүмкіндігі

358 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Үкі­мет­тің кеңейтілген оты­ры­сында логистика мәсе­лесіне де көңіл аударғаны белгілі. Президент­тің пікірінше басты ар­тықшылығымыз деп ауыз толтырып айтуға болатын транзит бағытын толық әрі тиімді пайдалануымыз керек. Әрине, бұл реттегі алғышарт – жолдарды тез әрі сапалы салу. Бұл бағытта атқарылған іс аз емес. Ендеше со­лар­­ға аз-кем шолу жасап көрейік.

Логистика: әртараптандыру мүмкіндігі

Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

Қазірге дейін 7 мың км жолдың құрылысы аяқталды. Қарағанды – Алматы, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Қандыағаш және Атырау – Астра­хан күре жолдарында құ­рылыс жұмысы бітті. Үш ірі ин­фра­­құрылымдық жоба жүзеге асырылды – Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір (Шығыс Қазақстан), Шақпақ ата асуындағы қос жолды туннель (Түр­кістан облысы), Шамал­ған стансасындағы теміржол өткелі (Алматы облысы). Бұл жобалар көлік өткізу қабіле­тін еселеп арттырып, логисти­калық қызмет сапасының жақса­ра түсуіне ықпал етеді. Бұқтыр­мадағы көпір 7 ауданды байланыстырса, Шақпақ атадағы туннель қолайсыз ауа райына қарамас­тан, үздіксіз әрі қауіпсіз көлік қозғалысын қамтамасыз етеді. Жоба – «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бір бөлігі. Ал ұзындығы 6 км болатын Шамалған стансасын­дағы теміржол өткелі көліктердің қауіпсіз өтуіне жағдай жасайды.

Елдегі көлік-логистикалық қызметті әртарап­тандыру мақ­сатымен жалпы ұзындығы 1 100 км болатын 3 ірі теміржол құрылысы жүзеге асырылып жатыр. Олар – «Достық-Мойынты», «Алматы айналма темір жолы», «Дарбаза-Мақтаарал» магистралі. Жобаларды жүзеге асыру отандық өнімнің үздіксіз экспортын кеңейтуге жол ашып, транзиттік әлеуетті бекемдей түседі.

ва

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Отандық теміржол көлігі – транзиттік әлеуетті дамытудың көшбасшысы. Былтыр ел аумағы арқылы транзитпен 400 мың ЖФЭ (20 фундтық эквивалент) контейнерлері тасымалданды. Еліміз­дің Қытайдағы ло­гис­­тикалық терминалының көмегімен Қытай-Еуропа бағытында тасымалдау көлемі 28 есе өсті. Сианьда 330-дан аса контейнерлік пойыз жөнелтілді.

«Транзиттік бағыттарды дамыту шара­­ла­ры жақ­сы нәтиже беріп жатыр. Еліміз халық­ара­­лық жүк ағындарына жоғары сапа­лы және жыл­­дам қыз­мет көр­сететін жаһандық ло­гистика­лық жүйенің негізгі буынына айналды», дейді «KTZ Express» АҚ басқарушы директоры Әсем Мұхамедиева.

Қазір ұлттық компания көлік дәліз­­дерін белсенді дамытып, иннова­ция­­­ларды енгізіп, қолданыстағы маршруттарды жетілдіріп жатыр. Транс­кас­пий халықаралық көлік бағыты экспорт пен транзиттік тасымал келешегіне деген жарқын үмітті оятты. Сондай-ақ 2024 жылы Баку–Сиань бағыты бойынша 12 күндік рекордтық жеткізу мерзімімен алғаш рет контейнерлік пойыз кері жөнелтілді. Маңызды қанатқақты жобалар санатында Иран – Қазақстан – Қытай және Қытай – Қазақстан – Өзбекстан бағыттары да бар. «Қорғас – Шығыс қақпасы» құрғақ портының терминалында тасымалдауды айтарлықтай жақсартатын және жүкті зақымданудан қорғайтын көлік құрал­да­рын контейнерлеу қызметінің енгізілуі де – құптарлық құбылыс.

Алдағы уақытта жалпы ұзындығы 4,7 мың шақырым жаңа жол жобалары кезең-кезеңімен іске асырылады. Оның 3,7 мың шақырымы I санатты, ал қалған 1 мың шақырым II санатты жолдар болады. Осы жылы құрылысы бас­талатын жобалар қатарында «Ақтөбе – Ұлғайсын» (234 шақырым), «Қарағанды – Жезқазған» (572 шақырым), «Сарыағаш қаласының айналма жолы» (102 шақырым), «Қызылорда қаласының айналма жолы» (20 шақырым), «Атырау – Доссор» (86 шақырым), «Руд­ный қаласының айналма жолы» (16,9 шақырым), «Жаңаөзен – Кендірлі» (156 шақырым), «Петропавл қаласының айналма жолы» (8 шақырым) бар.

Бұл бастамаларды жүзеге асыру ар­қылы жергілікті бизнесті ынталан­дырып, кәсіпорындар көкжиегін кеңейтеді дейді сарапшылар. Сонымен бірге көпжолақты жолдар жол-көлік оқиғаларының алдын алып, оларды азайтуға да ықпалын тигізеді. Ең бастысы логистикалық мүм­кіндіктерді әртараптандыру ісі ілге­рілей түседі.

Биыл жаңа жол жобаларын іске асыру аясында 31 мың жұмыс орны ашылып, қосымша инвестиция тартылмақ.

Соңғы жаңалықтар

Жылдам хабар алғызған

Руханият • Кеше

Азаматтық ерлік

Ғылым • Кеше

Ұлық ұлыстың алтыны

Жәдігер • Кеше