Қысқы спорт • 04 Ақпан, 2025

Қысқы Азия ойындары: Бүгін кімдер жүлдеге таласады?

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Харбин қаласында ІХ қысқы Азия ойындарында топтық, жұптық сындар басталды, деп жазады Egemen.kz.

Қысқы Азия ойындары: Бүгін кімдер жүлдеге таласады?

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Туризм және спорт министрлігі бүгін жүлдеге таласатын ел спортшыларының тізімін жариялады: 

Жарыс күні 7:00-де керлингтен басталды. Аралас жұпта  қытайларға қарсы Әзизбек Нәдірбаев пен Әмина Сейітжанова бақ сынайды. 

Шайбалы хоккейден ел намысын қорғайтын құрама ерлері мұз айдынына 13:00-де Таиландқа қарсы шығады.

Шайбалы хоккейден әйелдер құрамасы да Таиланд спортшыларымен өзара кім мықтыны анықтайды. Бұл бәсеке 16:30-ға жоспарланған. 

Айта кетейік, ІХ қысқы Азия ойындары аясындағы барлық сайысты Qazsport арнасы тікелей эфирде ұсынады.