Технология • 04 Ақпан, 2025

Республикалық маңызы бар жолдар интернетпен толық қамтылады

81 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтты, деп жазады Egemen.kz.

Республикалық маңызы бар жолдар интернетпен толық қамтылады

Фото: kz.kursiv.media

Министрдің мәліметінше, бұл жоспар 2027 жылға қарай толық жүзеге асырылады.  Былтыр автожолдарды зерттеу кезінде дыбыс деңгейі өлшеніп, интернетсіз учаскелер анықталған. 

«Талдау нәтижесі бойынша антенна-діңгек құрылыстарын қосымша орнату қажет 243 нүкте белгіленді. 104 станса құрылысы бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынды», деді Жаслан Мәдиев.

Ведомство басшысы Қазақстан электромобильдер мен ұшқышсыз көлік нарығын дамыту жөніндегі бағдарламаға бастамашы болатынын да хабарлады. Бағдарлама шеңберінде электр қозғалтқышы бар машиналар үшін инфрақұрылымды дамыту мен оларды сатып алу мәселесі сараланады. 

«Бұл бізге автономды автомобильдерге арналған зерттеулерге, инфрақұрылымға және компоненттерді өндіру саласына шетелдік инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді. Мысалы, БАӘ реттеуші құмсалғыш WeRide және Cruise компанияларына Дубайда пилотсыз таксилерді сынауға мүмкіндік берді. Бастама өз кезегінде көлікті жергілікті цифрландыруды жеделдетті. Сондай-ақ бұл пилотсыз технологиялар саласындағы жергілікті стартаптардың дамуына ықпал етеді. Аталған бастамаларды іске асыру нәтижесінде Қазақстан өңірлік технологиялық хаб мәртебесін нығайтады», деді министр.

 

Соңғы жаңалықтар

Жылдам хабар алғызған

Руханият • Кеше

Азаматтық ерлік

Ғылым • Кеше

Ұлық ұлыстың алтыны

Жәдігер • Кеше