
Фото: ua.depositphotos.com
Министрлік жоспарына сай «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың 1-ші кезеңі өтеді.
Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Атырауда орналасады.
Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Жетісу облыстарында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылады.
Шара аясында аймақтардағы дыбыстық дабыл белгілері де тексеріледі. Тексеру жұмысы 6 - ақпан сағат 11: 00-ге жоспарланған. Осыған орай министрлік тұрғындарды үрейге бой алдырмауға шақырып отыр.