18 Маусым, 2015

Атырау студенттері оғыз дәуірінің қорымын тапты (фото)

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
18-06-2015-atyrau 01АТЫРАУ. 18 маусым. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің бірінші курс студенттері археологиялық қазба жүргізу барысында ежелгі оғыз дәуріне жататын қорымды тапты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. ІХ-ХІ ғасырдағы оғыз дәуіріне жататын қорым Индер ауданындағы Теректі деп аталатын жерден табылып отыр. Бұл осы аудандағы Елтай ауылына таяу орналасқан. Ауыл тұрғыны университет ғалымдарына адам сүйегін, киім-кешек түрлерін тауып алғаны хабарлаған. Университет жанындағы археологиялық-этнографиялық орталық директоры Әния Ермағамбетованың мәлім етуінше, аталған жердегі ежелгі қорым бірінші курс студенттерінің қатысуымен толықтай қазылған. Сол кезде қорымнан адам сүйектері, сонымен бірге, жылқы сүйектері де табылған. Жылқының жанында ұзындығы 1 метрге жуықтайтын қылыш, жебе сауыт және ат әбзелдері де болған. Ғалымдар темір сауытты адамға емес, атқа арналған деген тұжырым жасап отыр. Өйткені, сауыттың салмағы 20 кг., ұзындығы 1 метрден асады екен. «Біздің болжамымыз бойынша, қорым оғыз дәуіріне жатады. Демек, бұл ІХ-ХІ ғасырға тиесілі. Сол заманда оғыз тайпалары атқа темір сауыт жасағаны белгілі», дейді университет жанындағы археологиялық-этнографиялық орталық директоры Әния Ермағамбетова. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек, сурет: egemen.kz. 18-06-2015-atyrau 02 18-06-2015-atyrau 03 18-06-2015-atyrau 04