АСТАНА. 18 маусым. Калифорния штатындағы белгілі ресторандардың бірінде тұтынушы KFC – дің тез әзірленетін тағамына тапсырыс жасаған. Алайда, аспазшы оған кәдімгі тышқан қуырып берген. Бұл туралы The Mirror басылымына сілтеме жасаған 1news.az хабарлады. Деворайз Диксон есімді тұтынушының айтуынша, ол тапсырыс берген тағамынан қуырылған тышқан етін көрген. Сосын қалта телефонын шығарып, суретке түсіріп, таспаға жазып алған. Сондай-ақ, Диксон facebook желісіне аталған сұмдық жайтты жариялапта қойған. Ол: « Мен бұл рестораннан мұндайды күтпедім. Қызметкерлерінің әрекеті туралы ресторан басшылығына шағым жасадым», – деп жазған. Алайда, KFC желісінің жетекшілері The Mirror басылымына тергеу амалдарының аталған келеңсіз жайтқа байланысты ешқандай дәлел таппағанын айтты. Дегенмен, олар Диксон тапсырыс берген тамақтан табылған заттың нақты не екенін айтқан жоқ. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: 1news.az.
Бизнес • 18 Маусым, 2015
АҚШ-та KFC желісі тұтынушыларына қуырылған тышқан берген
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:24
Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше