
Фото: ДЧС Карагандинской области (архив)
Абай, Қарағанды облыстары аумағындағы тасжолдарда көлік қозғалысына шектеу қою – ауа райының бұзылуына байланысты болып отыр.
Хабарламада айтылғандай, бүгінгі сағат 19:30-да Абай облысындағы «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғас» автожолының 383-704 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қайнар ауылынан Аягөз қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Жолды 6 ақпанда сағат 06:00-де ашу жоспарланған.
Сондай-ақ дәл сондай хабарламада бүгінгі сағат 20:00-де Қарағанды облысында «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 1505-1864 шақырым аралығындағы учаскесінде (Атамекен ауылынан Балқаш қаласына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылғаны, жолдың ашылуы уақыты 6 ақпанда сағат 07:00-ге жоспарланғаны мәлім етілген.