
Фото: Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы (архив)
Былтыр облыстық прокуратура 2020-2023 жылдары агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатына тексеру жүргізген. Тексеру нәтижелері субсидияланған ірі қара мал шын мәнінде шаруалардың қолында болмағанын көрсетті. Фермерлер субсидияны заңсыз алып келген.
«Тексеру қорытындысы бойынша 30 тауар өндірушіге сақталмаған мал басы үшін төленген субсидияларды қайтару туралы хабарлама жіберілді. Заңсыз төленген субсидиялардың жалпы сомасы - 406 941 855 теңге. Ал биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 16 тауар өндіруші жалпы сомасы 52,9 млн теңгеден астам субсидияны мемлекетке қайтарды. Қалған қаражатты жыл соңына дейін өтеу жоспарланған», деп хабарлады өңірлік ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дархан Дощанов.
Павлодар облысы