Тағайындау • 06 Ақпан, 2025

Ауыр атлетика федерациясының бірінші вице-президенті тағайындалды

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған лауазымды қызметке федерация президенті Гаджиев Гаджи Шапиевичтің бұйрығымен Азия чемпионы Мадина Астамирова тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауыр атлетика федерациясының бірінші вице-президенті  тағайындалды

Фото: Instagram/wf_rk

Мадина Нұржанқызы  Астамирова – ауыр атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстан рекордшысы.

2010 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері.

2011 жылғы Азия чемпионы.

Ол 2023 жылдан бері Ауыр атлетика федерациясының Бас хатшысы қызметін атқарған.